Қасиетті жұма күні облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне наиб имам тағайындалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы ойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағат алдына шығып көпшілік алдында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды.
Облыстық мешітке наиб имам болған Нұрлан Мұрат бұл уақытқа дейін аталған мешіттің ұстазы қызметін атқарған. Имамдық қызметке кіріскен маманға облыс бас имамы сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Мұрат Нұрлан имам 2006 – 2007 Қарағанды қаласы №9 кәсіби техникалық мектеп. Мамандығы: «Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету технигі». (Үздік)
2007 – 2010 Астана қаласы «Астана медресесі». Мамандығы: «Имам хатиб». (Үздік)
2010 – 2013 Алматы қаласы Нұр-Мүбарак ЕИМУ. Мамандығы: «Исламтану». (Үздік)
2013 – 2016 Стамбул қаласы «Хасеки жоғары білім жетілдіру институты». Мамандығы: «Исламтану».
2018 – 2020 Нұр-Мүбарак ЕИМУ, Исламтану магистрі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі