#Меркі ауданы: Айлық уағыз дастарханы жайылды

#Меркі ауданы: Айлық уағыз дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Кеңес ауылындағы «Ар-Раззақ» мешітінде ақшам намазынан кейін айлық дастархан жайылып, аудан имамдары мен жамағат бас қосты. Меркі ауданы мешіттерінің бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы сөз сөйлеп, көпшілікті мәуліт мерекесімен құттықтады. Бас имам Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен салауаты болсын) туралы уағыз айтты.

"Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сөз қозғаған уақытта, адамның ойына бірден Оның (ﷺ) кішпейілдігі, қарапайымдылығы еске түседі. Хазреті Мұхаммад (ﷺ) – Алла Тағаланың бүкіл әлемге рақымды пайғамбар етіп, жіберген ең ұлы нығыметі мен сыйы. Бұған қатысты Жаратушы Иеміз Құранда былай деген: «Ей Мұхаммад! Әрі Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік» (Әл-Әнбия сүресі, 107-аят). Осылайша, Алла Елшісінің (ﷺ) дүниеге келуі ғаламды нұрландырып, артынан ерген үмметін үлкен қуаныш пен бақытқа бөледі. Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырын, мінез-құлқы мен болымсын зерттеген кез келген адам, Оның (ﷺ) қатардағы мұсылман ғана емес, тіпті Алла Тағаланың тарапынан жіберілген шынайы Елші екендігін еріксіз мойындайды. Алла Елшісі (ﷺ) адамзат баласына қарапайымдылықтың ең көркем бейнесін көрсете білген. Бұған, Пайғамбарымыздың (ﷺ) тал бойына топтастырған көркем мінезіне қатысты өмірінде көрініс тапқан мысалдары өте көп" - дейді Бас имам.

Жиын соңында Пайғамбарымыз Мұхамедке арналып «Мәуліт жыры» оқылып, дұға жасалды.

Кеңес ауылының ақсақалдары, мешіт жамағаттары жаңа тағайындалған имамның ісіне береке тілеп, баталарын беріп, шапан жапты.

Меркі ауданы, «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: