#Жамбыл: РАНТ мүшесі Мәуліт дастарханында уағыз айтты

#Жамбыл: РАНТ мүшесі Мәуліт дастарханында уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қызылшарық ауылы «Қызылшарық» мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күніне орай салауаттар айтылып, ақ дастархан жайылды.

Арнайы келген қонаққа Жамбыл облысының бірінші найб имамы, РАНТ мүшесі, белгілі ұстаз Нұралы Бақытұлы  келіп, жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында уағыз айтты.

"Ешкімнен өш алмайтын, кешіргенді жақсы көретін. Өзіне жамандық жасағандарды да кешіріп, оларға жақсылық жасайтын. Өзіне жасалған жақсылықтарды еш ұмытпайтын, оларды үнемі еске алып отыратын. Қарт адамдарға көмек көрсетіп, кішіге қамқор болатын. Сүт бауырларын көргенде орнынан тұрып, сыртындағы кеудешесін төсеп, орын беретін. Жалқаулықты, қолы бос отырғанды ұнатпайтын. Мешіт салынған кезде өз қолымен тас тасып, ел қатарлы еңбектенетін. Сахабалар тынығып, дем алуын өтінсе де, ол жұмыс жасауын тоқтатпаған" - деді Нұралы Бақытұлы пайғамбарымызды сипаттап. Ауыл жамағаты ұстазға өз алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: