#Меркі ауданы: Садақ ату - сүннет

#Меркі ауданы: Садақ ату - сүннет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміздегі рұқсат етілген спорт түрлерінің бірі – садақ ату. Садақ ату— мергендік спортының бір түрі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер», – деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтқан: «Расында, күш – садақ атуда».

Ислам ғұламалары: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы», - десе, сахаба Омар ибн Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», - деген. Сонымен бірге сахаба Ибн Аббас (р.а) Пайғамбарымыздың (ﷺ): "Жүлде тек ат жарысы мен түйе жарысына және найза лақтыру (садақ ату) жарысына беріледі", - дегенін жеткізген. (Әбу Дәуд)

Осы мақсатта Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлының ұйымдастыруымен мешітке келген жамағатты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне баулу үшін, садақ ату спорт ойынымен таныстыру шарасы болып өтті.

Бұл шараға жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін, ауданымыздың, Еліміздің бетке ұстар тұлғасымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің қонағы Жамбы атудан (ат үстінде садақ атудан) Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, сондай-ақ 23 мемлекеттің алпыстан астам мергендері бақ сынаған 2018-2019 жылдары Әлем чемпионаттарында «Жамбы атудан»  Екі дүркін Әлем чемпионы атанған, Қазақстан Республикасының құрама командасының бас бапкері Бадашев Елдос Әлмахамбетұлы болды.

Кездесу барысында атақты спортшы әрі, бапкер жерлесіміз жастарға өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы әңгімеледі. Әсіресе әлем чемпионатында жеткен жеңісін ерекше бір тебіреніспен жеткізді. Сондай-ақ, жебе мен садақтың жасалу жолы мен қайдан алатындығын да тілге тиек етті.

Бас имам сөз сөйлеп: Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан жақсы әрі Аллаға сүйкімді. Дегенмен, әрбірінде жақсылық бар. Саған пайда беретін нәрсеге ұмтыл, Алладан жәрдем тіле, әлсіз болма», – деген, сондықтан мұсылман адам күшті, зерек, ақылды болуы керек деп, мұсылман қауымын мықты болуға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: