Білім алу әрбір мұсылман ерге де, әйелге де парыз...
Бүгін Меркі ауданының бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы Меркі ауданы орталық кітапханасында жастармен бас қосты. Жиынның мақсаты жас ұрпақты ғылым, білімге баулу. Жиынды Құран оқумен бастаған бас имам, жастарға:
«Ислам діні – жалпы адамзатты білім алуға шақырады. Алла Тағаланың ең бірінші уахи етіп түсірген аятты оқы деп басталады. Пайғамбарымызда (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білім алу әрбір мұсылман ерге де, әйелге де парыз деген. Бұл білімдер діни білім және дүниелік білімдер. Мұсылман адам дінін деғ дүниесін де бірге алып жүруі керек. Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының құнды сырларын сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің нағыз киелі ордасы. Кітапхана оқырман үшін үлкен өмір мен тәрбие мектебі. Сыры мол сырға толы сансыз жауабы табылмаған сұрақтың шешуін тапқан қайталанбас білім ошағы. Сондықтан, жастар білім алып, осы елдің дамып, көркеюіне өз үлестерін қосып, қызмет етуі керек», - деп сөзін аяқтады.
Жиын соңында, қойылған сұрақтарға жауап беріп, Алладан еліміздің амандығы үшін, жұртымыздың тыныштығы үшін, жастарымыздың білімді болуы үшін дұға жасап тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті