Меркі ауданында орталықта орналасқан мешіттерде жамағатпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге арнайы келген Шу ауданының бас имамы Бақтияр Арманұлы жамағатқа Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен салауаты болсын) асыл сөздерін жеткізіп, оны түсіндіріп берді.
Кездесу соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып, дұға жасасып тарқасты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті



11 Август 2026
26 Сафар 1448

