Жамбыл ауданынды орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және Жамбыл ауданы әкімдігінің және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітовтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аудан көлеміндегі мешіт жамағаттары арасындағы «Дін мен дәстүрді жастарға насихаттау» аясындағы аудандық ашық турнирі өткізілді.
Жамағат арасында ашық турнирде: асық ату, арқан тартыс, ләңгі ойнау, гир тасын көтеру сыңды қазақтың ұлттық ойындардан және де кіші футболдан да командалық жарыс өтті. Турнир аудандық Спорт кешенінде өтіп, 10 ауылдан – 10 команда қатысты. Командалық жарыста 1 орынды – «Қаракемер» мешітінің жамағаты, 2 орынды – аудандық «Бәйдібек» мешітінің жамағаты, 3 орынды - «Айша-бибі» мешітінің жамағаты орын алды. Ашық турнирде қазақтың ұлттыұ ойындары ләңгі, асық ату, гир тасын көтеру, арқан тартыста орын алған қатысушылар бірінші, екінші, үшінші орынмен жеке- жеке марапатталды. Командалық жарыста әр ауылдың имамдары жамағатпен бірге жарысқа қатысты. Сонымен қатар, аудандық «Бәйдібек» мешітінің асханасында мешіт жамағатынан құралған командаларға арнайы дастархан жайылды.
Аудан имамы мен іс-шараға қатысқан барлық имамдар мен мешіт жамағаттары Жамбыл ауданының әкімдігінің және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов пен Бұқаралық спорт кешенінің басшысы Мақсат Зәкірұлына өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі