#Шу: Бас имам Бәйдібек ауылында болды

#Шу: Бас имам Бәйдібек ауылында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының  бас имамы Бахтияр Әміреев ауылдық мешіттердің ахуалымен  танысу жұмыстарын  жалғастыруда.  Ол бұған дейін Балуан Шолақ, Жайсан,Қонаев, Бірлікүстем, Еңбекші т.б ауылдарда  болып  құтханалардың қазіргі күйімен танысса, апта басында Дулат ауылдық округі Бәйдібек ауылына арнайы барған болатын.

Сапар барысында Бахтияр Амантайұлы ауылдық мешіттің жай-күйі зерделеп, тыныс тіршілігімен танысты.  Мешіт имамы Бақытжан Дүйсекбаев аудандық мешіттің бас имамына атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағаы шаруалардың жоспарын жеткізді.  Өз  кезегінде  Бахтияр Амантайұлы жұмыстарды жоғары бағалап, жандандыра түсуді тапсырды.

Мешіт жамағатымен жүздесіп сұқбаттасқан бас имам сонымен бірге ауылдық округ әкімімен дидарласты.  Ауылдағы діни ахуал әңгіме болып, халыққа қызмет етуде ауызбіршіліктің ауадай қажет екендігі айтылды.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: