Мұқтаждың мұңын тыңдап, қажетіне жарап беру, бір түйір құрма болса да бөлісу ардақты Пайғамбарымыздан «Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» қалған қастерлі сүннет. Алла жолында мал-мүлікті сарп ету, оны міскіндермен бөлісу үлкен сауапты іс. Осының барлығын бізге терең түсіндірген ол сөзсіз сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.)
Биылғы жылдың 18-19 қазаны күні Шу ауданы «Әбу Бәкір ас Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов Мәуліт мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік түріндегі көмекті үлестірді.
Жалпы соммасы 425000 мың теңгені құрайтын қайырымдылық аясында 7 отбасыға қажетті деп саналатын азық-түлік түрлері таратылып, 1 қойдың еті бөлініп берілді.
Демеушілер аманатын жеткізген имам Бақыт Нұрлыхановқа көмек алған жанұялар алғыстарын білдіріп, шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі