#Шу: Облыстың бас имамы Шу ауданында болды

#Шу: Облыстың бас имамы Шу ауданында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін   Жамбыл  облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Шу ауданына арнайы ат басын бұрып, бірқатар мешіттердің тыныс тіршілігімен танысты.

  Ең әуелі облыстың бас имамы Көкқайнар ауылына барып «Көкқайнар» мешітінің жағдайын біліп, жай-күйіне қанық болды.  Жылыту жүйесін қарап, ішкі-сыртқы ахуалын зерделеді.  Ауылдық мешіттің имамы Оразбаев Темірлан атқарылған жұмыстар туралы баяндап, келешектегі жұмыстар  жайын әңгімеледі.

 Бейбіт қажы Әліпбекұлының зерделеу жұмысы Оразалы батыр ауылындағы «Оразалы батыр» мешітінде жалғасты.  Мән-жайды білген Бейбіт қажы Әліпбекұлы ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлына, «Төле  би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлына тиянақты жұмыстары  үшін ризашылық білдіріп, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың бағытын айқындап берді.

Байжан ЕМБЕРДІ,

 Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: