#Жамбыл: Ауданда «Мәуліт» мерекесі аталып өтті

#Жамбыл: Ауданда «Мәуліт» мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданыңда орталық Мәдениет үйінде орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен мұсылманның мерейлі мерекесі саналатын «Мәуліт» мейрамы тойланды. 

Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жиылған жамағатқа жылы лебізін білдіріп, «Мәуліт» мейрамымен құттықтады. Шараға Аудандық Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Мадияр Сәмбетов та қатысып, жүрек жарды тілегін айтты. Сонымен қатар, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мерекеге арнайы шақырылған, карантин кезінде халыққа рухани дем беріп, қайырымдылық көмек көрсеткен игі ауыл имамдарын «алғыс хатпен» марапаттады.

Мерекеге аудандық Мәдениет үйіннің «Дарын» жастар тератры көпке терең ой тастайтын керемет қойылымдарымен таң – тамаша қалдырды. «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулла мен «Айша-бибі»  ауылдық мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, «Мәуліт» оқыды.     

Мәуліт мерекесін тойлаудағы басты мақсатымыз – Пайғамбарымызды тану. Бұл күндері бүкіл дүние жүзінің мұсылмандары оның дүниеге келгеніне қуанып, тойлап жатыр. «Ислам діні – ғылымының ең бас досы және қорғаушысы. Өйткені ғылым қаншама дамыса, Исламның зор хикметтері сол дәрежеде көрініс табады», - делінген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисінде. Осындай мәнді де, мағыналы өсиетін қалдырған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған күні – Мәуліт айында исламның құндылықтарын насихаттау, уағыз айту және мұқтаж жандарға көмектесу адами әрі мұсылмандық парызымыз деп түсінеміз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: