#Қордай: Ауыл имамы колледж студенттеріне лекция оқыды

#Қордай: Ауыл имамы колледж студенттеріне лекция оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаев "Бетқайнар" ауылдық колледжінің студенттерімен жүздесті.

Білікті маман Ихсан ілімінің адам баласының осы дүниесі мен ақыретіне тигізетін пайдасы жайлы лекция оқыды. Жастар дін маманына көкейкесті сұрақтарын қойып, дәйекті жауаптарын алды.

Имам дәріс барысында: "Ихсан ұғымын өз тұжырымымызбен былай сипаттасақ... Адам баласы құдды бір тәрбиені, қадағалау мен бақылап отыруды қажет ететін нәресте іспетті. Жүріп тұруы, тамақ жеуі, ұйықтауына дейін әрдайым қарап отыруды талап етеді. Яғни адам тәрбиесін үнемі жүргізіп отырады. Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен. Хазреті Әли (р.а.): «Есепке тартылмай тұрып, өзіңді есепке тартыңдар», – деген"  - деп атап өтті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: