Қазіргі уақытта қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – жат ағым. Дәстүрлі діннен, дәстүрімізден, терең тарихымыздан алшақтап кеткен жастарымыздың теріс ағымы - деструктивті деп аталады.
Жат ағымның алдын алу жұмыстары Меркі ауданында да өз жалғасын табуда. Меркі ауданы «Чалдовар» атты Қазақстан мен Қырғыстан шекара бекетінен өтушілерге уағыз-насихат жасалды.
Бұл шараға жергілікті елді-мекен имамы Алтынбеков Габдуллаһ қатысты.
Имам өз сөзінде: "Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе" -деді.
Сондай-ақ, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды қолданарда немесе шекара бекетінен алып өтерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Дін істер министрлігінің сараптамасынан өткен еңбектерін ғана пайдалану қажет екенін түсіндірді.
Кездесу соңында жолаушылардың көкейкесті сұрақтарына тұшымды, жан-жақты жауап берді.
Меркі ауданы, «Меркі ата» мешіті