Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншарип қажы Джадраев аудандағы Әскери қарулы күштерінің қызметкерлерімен кездесуге барды. Кездесу барысында асыл дінімізді насихаттап, дін мен дәстүрді сабақтастырып баяндады.
Сонымен қатар, бас имам әскерге аттанып бара жатқан жастарға насихат айтып, оларға демеу білдірді. Болашақ сендердің қолдарыңда деп оларды жауапкершілікке үгіттеп, алдағы бір жылдық әскери борышты абыроймен өтеп келуге тілектес екенін білдіріп, кездесу соңында батасын беріп жастарды шығарып салды.
Қуаныш Тузелбеков
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі