Жуалы ауданы, Ақсай округіне қарасты Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінде мәуліт ұйымдастырылды. Мәулітке Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек, аудан имамы Акмамбетов Асхат және Қайрат мешітінің молдасы Сарыпбеков Сауранбек қатысты.
Келген қонақ ұстаз Ғалымбек Төлегенұлы, аудан имамы Асхат Аманжолұлы және Сауранбек Бекәділұлы отырған көпшілікке күллі адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ең ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты уағыз-насихат айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі