#Т.Рысқұлов: Облыс бас имамы Рысқұлов ауданында болып қайтты

#Т.Рысқұлов: Облыс бас имамы Рысқұлов ауданында болып қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев келіп, мешіттердің тұрмыс тіршілігіне зерделеу жұмыстарын жасады.

Аудандағы «Сұлтан» орталық мешіті, Жақсылық ауылындағы «Сүйімбай қажы» мешіті және Луговой ауылында орналасқан «Әл-Хақ» мешітіне барып жөндеу жұмыстарын бақылап, салынып жатқан құрылыстарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Өкіл имаммен бірге облыстық іс-басқарушы Халид имам және «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұрлан мырза да келді. Зерделеу барысында «Сұлтан» орталық мешітіне жөндеу жұмыстарын жасау керектігін айтты. Сонымен қатар, мешіттердің қысқа дайындығына да шолу жасады.

Тузелбеков Қуаныш

Тұрар Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: