#Сарысу: Бала қауіпсіздігі баршаға ортақ

#Сарысу: Бала қауіпсіздігі баршаға ортақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Жаңатас көпсалалы колледжінде" білімгерлердің ата-аналарымен кездесу болып өтті. Қазақта "Ел болам десең бесігіңді түзе" деген сөз босқа айтылмаған. Өйткені бала тәрбиесі қоғам үшін ең маңызды мәселе десек, артық айтқандық емес шығар. Бүгінгі жастарға қандай тәрбие берсең, ертең сондай қоғамды табасың. "Бүгінгі жастар - елдің ертеңі" деген сөзге терең мән беруіміз керек. 

Сол себепті бүгінгі кездесуде "Тәрбие отбасынан басталады" деген тақырыпта әңгіме өрбіді. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): "Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші қол астындағыларға бақташы, ол сол отарына жауапкер, ер кісі өз отбасына бақташы, ол сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапкер, кісінің құлы (қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапкер. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер" - деген. Демек Алланың берген ұл-қыздары үшін ата-ана жауапты, оларға көркем тәрбие беру, адалдыққа, шыншылдыққа, әділдікке үйрету әрбір ата-ананың парызы екенін ұмытпайық...

Ел ертеңі жастарымыз білімді, әдепті, көркем мінезді болсын!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: