Күндердің сұлтаны Жұма күні Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінің имамы Нұржан Қалиев Жамблыс облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Шу ауданындағы №36 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып қызметкерлермен, осы мектепке келуші балалармен кездесті.
Кездесу барысында имам Нұржан Сабырұлы жаттықтырушылар мен жасөспірімдерге діни сипаттағы радикализм, экстремизмнің алдын алу жөнінде дәріс оқыды. Сондай-ақ Қасиетті Құраннан, Мұхаммед пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеттеріне сүйекті дәлелдер айтылып, аталған дерт асыл дінімізден аулақ екені тілге тиек етілді. Жиынға қатысушылардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, Нұржан Сабырұлы дін саласындағы сұрақтарды мешіт имамдарына қойып, тұшымды жауап алуға шақырды.
Мектеп директоры Нәби Кенбаев қалалық мешіттің имамына алғысын білдіріп, жауапты жұмысына табыс тіледі.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.