Талас ауданының жаңа бас имамы өңірге қарасты ауыл имамдарымен алғашқы жиынын жасады. Шараны бас имам Жалғас Жұбатқанов пен Нұрсұлтан Алиев жүргізді.
ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жасалатын жұмыстар легі талқыланып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, сауат ашу курстары, имамдардың біліктілігін арттыру мәселесі, мешітте орналасқан бейне бақылау жүйесі жайы қаралды.
Бас имам алдағы уақытта ауылдық мешіттерді аралап шығуға ниетті екенін жеткізді. Ал жасы үлкен имам жаңа имамның жұмысына Алла береке берсін деп дұға жасап, батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі