Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек Жамбыл ауданына қарасты 8 мешітті екі күндік іс-сапармен аралап қайтқан болатын. Іс-сапар барысында облыстың найб имамы «Мешіттің ішкі тәртіп ережесіне бағыну», «Имамға мойынсұну мұсылмандықтың алғышарты», «Ислам діні бірлікке шақырады» тақырыптарында кездесулер өтті.
Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын.
Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен мешітте балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сияқты көптеген діни рәсімдер орындалады. Қорыта айтқанда мешіттің әдептерін сақтау, әрбір саналы мұсылманның басты міндеттері екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Алла Тағала ықыласпен құлшылық етуді нәсіп етсін!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі