Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің теолог ұстазы Жайна Бекназарова мектеп оқушыларымен семинар өткізді. Қыз балалармен өткізілген семинар «Мұсылмандық, ұлттық қыздар тәрбиесі» туралы тақырыпта өтті.
Қазіргі таңда қыздардың тәрбиесіне аса мән беруге тиіспіз. Қыз баланың абыройы мен ары, өзіне сай сымбаты мен сырын сақтап, қырық үйден тыйып даярлау қиын. Яғни, қыз бала – үйдің бояуы. Қыз баланы тәрбиелеу – бір адам емес, бәлкім бір ұрпақты тәрбиелеу. Салихалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады.
«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз – болашақ ұрпақтың анасы. Қорыта келе қыз, мейлі ұл болсын Алланың берген аманаты және нығметіне шүкіршілік етіп, оған діні, тілі, тарихы, салт-санасын таныта отырып, жақсы тәрбиелеуге тырысайық.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі