#Шу: Игілікті іс жалғасын табуда

#Шу: Игілікті іс жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік бар жерде тірлік бар деп кешегі кемеңгер бабалар бекер айтпаса керек. Алла Тағала мал мүлікті де сынақ ретінде береді. Оны Алла жолына жұмсағандарға нығметі еселей беретінін де бізге асыл дінімізде айтылған уағыздардан белгілі.

Қастерлі Жұма күнінде Шу ауданы Бірлік ауылындағы мешіттің жамағаты мешіт жанынан соғылып жатқан қызметтік үйдің шатыр жабуға жәрдемдесті. Игілікті іске ат салысқан ағайынға ауыл имамы Медет Жұматаев алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Сондай-ақ осы күні Жайсан ауылындағы «Жаңабай баба» мешітінің имамы Қыдырбай Сейсенов әлеуметтік сипатта аз қамтылған көп балалы 1 отбасыға 15 мың теңгеге киімдер табыстады. Демеушілердің аманатын жеткізген ауыл имамына алғысын білдірген аталған отбасы, ақ тілегін жаудырды.

«Алаған қолдан берген қолдың абзалдығын білген шулық жамағат жақсылық жасап жарысуда. Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жалғасын табатын болады»,- дейді Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев.

            Байжан ЕМБЕРДІ,

            Шу аудандық «Жәми»

            мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: