#Қордай: Әжелер алқасы Құран хатым дұғасын жасады

#Қордай: Әжелер алқасы Құран хатым дұғасын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің ұстазы Эльмира Есімқараеваның бастамасымен "Әжелер алқасы" мүшелері бірігіп Құранды хатым етті. 

Мешітте бас қосып, хатым дұғасын жасаған ақ жаулықтылар елімізге амандық, ауырып жатқан науқастарға, момын-мұсылмандарға шипа сұрады. Құран кәрім хатым етілген жерге рахмет жауады. Шариғатымызда хатымда жиналу және хатымнан кейін дұға ету мүстаһаб.

Алланың кәләмін бірлесе оқып, қол жайып дұғасын жасай жүретін әжелер аман болсын! «Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі» - дейді хадисте.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: