ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызының ұйытқы болуымен Жамбыл облыстық "Әжелер алқасының" мүшелері мәуліт оқыды.
Ардақты пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сағынышын сезіну, Алла елшісіне салауат айту мақсатында дастархан басында бас қосып, салауат айтты.
Имам Ораз Баймаханов мәуліт жырын оқысы, Гүлжан Серікқызы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы көркем насихат айтты.
Ақ жаулықтылар дұға жасап, Алладан ел амандығы мен ауызбірлігін тіледі.