Талас ауданы Тұрымқұл ауылында көпті қуантып той үстіне той болды. «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында ҰОС ардагерлеріне арналған мәңгілік алау, "Балалар ойын алаңы" мен күмбезі күн көзін аймалаған "Ойық баба" мешіті ашылды.
Өңірде болған барлық салтанатты іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып қайты.
Мешіт ашылуы Талас ауданының бас имамы Жалғас Жұбатқановтың Құран оқуымен ашылып, облыс бас имам, аудан әкімі, зиялы қауым өкілдерінің өнегелі сөздерімен жалғасын тапты. Бейбіт Әліпбекұлы мешітке облыс атынан Алла есімдері мен Құран аятары жазылған картина сыйлады.
Облыс бас имамына шапан жабылып, қазақы үлгі-өнегенің жолымен Бейбіт қари шапанды өңір ақсақалына сый етті.
Мешіттің ресми лентасы қиылып, облыс бас имамы уағыз жүргізді. Жамағат алғашқы жұма намазын оқып, ел берекесі үшін дұға жасап тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі