#Қордай: Мешіт жамағаты "Ихсан ілімі" жайлы уағызбен сусындады

#Қордай: Мешіт жамағаты "Ихсан ілімі" жайлы уағызбен сусындады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Қордай мешітінде көпшілікті ұйып тыңдатқан сүбелі уағыз айтылды.  Құптан намазының алдында  "Ихсан ілімі" тақырыбын насихатына арқау еткен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы көпшіліктің сауалына жауап та берді. 

"Ислaм – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдеп­­тілік адамды көрікті етеді. Ихсaн ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қа­лып­тaстырады. Муғаз ибн Жабал (р.а) Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегенін риуаят етеді: «Алла Тағала ислам дінін көркем мінез және ізгі амалдармен қоршап қойған».   Жақсылық жасау. жұмсақ мінез, игі істер істеу. сәлем беру,науқастың хәлін сұрау,жақсы көрші бола білу , үлкенді сыйлау, жомарттық, кешірімді болу, кешірім жасау, ашуын басу көркем мінезге жатады. Сондай-ақ өтірік, ғайбат, сараңдық, іштарлық, жәбір көрсету, айлакерлік, қулық, сөз тасу, туыстан безу, жаман мінез, арсыздық, қызғаншақтық, дұшпандық, әділетсіздік сияқты әрекеттерден бойды аулақ ұстау көркем мінезге жатады" - деді бас имам өз сөзінде.

Ихсанның адам өміріндегі маңызын жіліктеп түсіндірген маман көпшілікті осы игілікті бойға сіңдіруге шақырды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: