#Меркі ауданы: Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеті

#Меркі ауданы: Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады.

Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Осыған орай, күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Меркі ауданының жаңа бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы өз ісін қайырымдылық жасаумен бастады. Мешітімізге жағдайын айтып, көмек сұрап келген ағамызға қолдау көрсетіп, қаржылай өз көмегін көрсетті.

Қолдау тапқан ағамыз жаңадан тағайындалған имамға өз рақметін айтып, Алладан қызметіне жеңілдік тілеп, Ислам діні үшін дұға жасап тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: