#Сарысу: Жаңатастағы қос буын өкілдерімен кездесу

#Сарысу: Жаңатастағы қос буын өкілдерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жаңатас қаласының қарттарымен және жастарымен КОВОРКИНГ орталығында жүздесу өтті.

"Пайдалы әңгімелер айтылған осындай түрлі буын өкілдерінің бір мәжіліске жиналуы жиі ұйымдастырылса, қоғамға пайдасы зор деп ойлаймын, - дейді Сарысу ауданының бас имамы.

Өйткені бүгінгідей әлеуметтік желі отбасын алмастырған заманда бір отбасы адамдарының өзі бір-бірімен араласып, отбасылық шүйіркелескен әңгімелердің де өмірімізден өшіп бара жатқаны ащы да болса шындық. Олай болса жастар мен қарттардың, орта буын өкілдері мен жастардың бір мәжіліс басында еркін отырып пікір алысуы осы олқылықтың орнын толтырар жақсы, бастысы барлық тараптар үшін пайдалы отырыстар болмақ.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: