#Жамбыл: Аудан имамы спортшылармен кездесті

#Жамбыл: Аудан имамы спортшылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде  Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қонақта болды.

Кездесуде ауданның бас имамы Қазақстан Республикасындағы  діни экстремизм мен терроризм туралы түсінікті тілде түсіндіріп, діни сауаттылықты арттыру мақсатында мекеме қызметкерлеріне және жаттықтырушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Спортшы-оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беріп, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындырды. Жасөспірімдерге қоғамның  әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу керектігін түсіндірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: