#Жамбыл: Құран оқудың сарқылмас сауабы

#Жамбыл: Құран оқудың сарқылмас сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде шам намазына келген мешіт жамағатына ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Қасиетті Құран» апталығына орай,  «Құран оқудың сарқылмас сауабы» деген тақырыпта кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Шынтуайтында, қаншама ақынның өлеңіне арқау болған, ғылымның негізіне жол көрсеткен, жазушылардың мақалаларына тақырып болған Құран Кәрім сияқты кітапты ешкім жаза алмайды. Дүниежүзі жазушыларының кітаптары бір бағытта, бір тақырыптың төңірегінде ғана өрбіген. Абай атамыз айтқандай, "ақылды кісіге иман парыз, иманды кісіге ғибадат парыз". Ғибадат – барлық ізгі ниетпен жасалған іс-әрекеттер. Ақылын дұрыс ниетте пайдалана білген кісі жақсылық пен жамандықтың арасын ажырата біледі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам, өзіңнің сырлас досыңдай болып кетеді», – деген. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: