Бүгінгі таңда әлеуметтік тұрғыда осал топтарға қолдау білдіру, мемлекетпен қатар руханият өзегі саналатын мешіттердің де негізгі жұмысының бағыты.
Осыған орай Жамбыл облыстық мешіттің жариялануымен «Отбасы апталығы» аясында Шу ауданы Төле би мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының мұрындық болуымен жағдайы төмен 10 отбасыға қажетті азық-түлік түріндегі көмек көрсетілді. Көмек ретінде берілген себеттер ішінде ұн, май, шәй, қант, сұйық май, күріш, томат пастасы, тұз, сәбіз, картоп, пияз, макарон т.б сол сияқты керекті тауарлар берілді.
Қайырымдылық шарасы барысында ұйымдастыру алқасы осы отбасылар ішіндегі бір отбасының шілдеханасына куә боп, Талғат Кәрібайұлы сүннетке сай нәрестенің құлағына азан шақырып, Мавлюда атты көркем есім берілді.
Қайырымдылық шарасына барлығы 170 мың теңге жұмсалып, 10 отбасыға аз да болса қуаныш сыйлай білген жомарт жандарға Жаратқанның жәрдемін тілеп, Алла разы болсын демекпіз.
Байжан Емберді
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі