Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйек күні «Сарысу аудандық» мешітінің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев Жаңатас қаласындағы «Жаңатас көпсалалы колледжі» мен «№5 Жаңатас колледжінің» білімгерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде «ихсан» бағыты бойынша және «отбасы» апталығына орайластырып «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деген тақырыпта білімгерлерге уағыз айтылды.
Әуелі «Жаңатас көпсалалы колледж» 1-курс білімгерлерімен кездесіп, ата-анаға құрмет көрсету Алланың бұйрығы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті, қала берді ата-бабаларымыздың қалдырған дәстүрі екені айтылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен, сахабалардың өмірінен ғибратты оқиғалар тілге тиек етілді. Жастар кездесу барысында жақсы атсалысып, өз ойларын білдірді.
Екінші «№5-Жаңатас колледжінде» 2,3 – курс білімгерлерімен болған кездесу де қызықты өтті. «Атаңа не көрсетсең, алдыңнан сол шығады» деген қағиданы жақсы түсінетіндіктерін көрсеткен білімгерлер, кездесуден жақсы әсер алғандарын айтып, өздеріне қызықты сұрақтарын қойды.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі