Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғани бесін намазына келген жастарға арнайы «Отбасы атпалығына» орай, «Отбасы – ұлағат ұясы» тақырыбында жастарға насихат айтты.
Мешіт имамы мешіттің жас жамағатына отбасы құндылықтары мен ата-ана қадірі жайында кеңінен ақпар берді. Әрине, шындағында отбасы адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.
Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі