#Жамбыл: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 3-кітабынан сұрақ-жауап өтті

#Жамбыл: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 3-кітабынан сұрақ-жауап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жастар орталығында ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының айлық іс-шаралар жоспарының бірі бойынша аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының  ұйымдастыруымен аудан жастары арасында қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 3-кітабы оқылып, сұрақ-жауап өткізілді.

Шығарма кейіпкерлері негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып,  Кенесарымен  аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. Айта кетейік, жастармен бірге дін білімін ғана емес жан-жақты білімді меңгеру маңызды. Өйткені, әрбір білім исламның ақиқатын анықтай түседі.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: