Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Шайқорық ауылы «Айдарбек ата» мешітіне арнайы іс—сапармен барып, мешіттің жанынан қызметтік үй соғуды қолға алып жатқандығын айтты.
Алдыңғы жылы салынуы керек болған баспананы осы жылы қолданысқа беру қажеттілігін баса назарда ұстау қажет. Мешіт жанынан соғылуы тиіс қызметтік баспанаға ауыл кәсіпкерлері мен демеушілер қаржылай көмек көрсетіп жатыр.
Аудан имамы ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға өз ризашылығын білдіріп, ауыл имамына арнайы алғысын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі