Жамбыл ауданы Жастар орталығында, орталық «Бәйдібек» мешіті мен аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандос пен аудандық мешіт ұстазы Бекназарова Жайна «Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет» деген тақырыпта аудан жастарына кеңінен насихат айтылып, дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу соңында жастарға арнайы видео-ролик көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді.
"Еліміз егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы" - дейді мамандар.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі