#ТАРАЗ: «Иса Ахмет» мешітіне жаңа имам тағайындалды

#ТАРАЗ: «Иса Ахмет» мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Иса Ахмет» мешітіне Нұрымбетов Нұрсұлтан Илиясұлы имам болып тағайындалды. Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінде қызмет атқарған тәжірибелі дін маманын қаланың бас имамы Дауренбеков Орынбасар жамағатқа таныстырды. Бас имам көпшілік алдында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы тағанұлының бұйрығын оқып, жас маманның қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін аталмыш мешітте имам қызметін атқарған Бекбергенов Нұржан отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан босатылуын өтінген болатын. Жиын соңы жасы жетпіске келген қария қызметтен босаған имамға сәттілік тілеп, жаңа имамға қош келдің айтып, ақ батасын берді.

Нұрымбетов Нұрсұлтан Ілиясұлы 1991 жылы наурыз айының 27 жұлдызында туған.

2021 жылы Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы сауат ашу курсында білім алған.

2016 жылдан бері ішкі бұйрықпен Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: