#Тараз қаласы мешіттерінде сенбілік жасалды

#Тараз қаласы мешіттерінде сенбілік жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы 33 мешітте сенбілік жасалды. Шарада мешіт іші мен ауласы, дәретханалары толықтай тазаланды. Алла үйінің тазалығына мешіт қызметкерлері мен келуші жамағат, дәріс алушы ер және әйел шәкірттер толықтай атсалысты.

 «Тазалық-иманның жартысы» деген хадистен ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) мешіт тазалығына қатты көңіл бөлгенін білеміз. Алланың үйлерін тазалауға асыққан жамағаттың Алла Тағала да жүрегін тәкәппарлық, екіжүзділік сынды әртүрлі кірлерден тазалап, жаннатын нәсіп етсін!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: