#Мойынқұм: Қ.Рысқұлбеков рухына Құран бағышталды

#Мойынқұм: Қ.Рысқұлбеков рухына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 55 жыл толуына байланысты рухына арнайы құран бағышталды.

Тәуелсіздік үшін жанын берген Қайрат Рысқұлбековты еске алу Мойынқұм ауылындағы Қ.Рысқұлбеков cаябағында өтті. Аудан имамы Рысбай Еспенбетов тұлғаның рухына арнайы құран бағыштап, елге тыныштық тіледі.

Қайрат Рысқұлбековтің өзі дүниеге келген, балалық шағын өткізген Бірлік ауылында еске алу  шарасы өз жалғасын тапты.

Осындай тәуелсіз ел үшін жанын қиған аға-әпкелеріміздің жандары жаннатта болғай. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.

Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: