Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы әр ай сайын ауыл мешіттерін зерделеп, халқымен жүздесіп, ауылдардағы діни тұрақтылықты бақылап келеді.
Аудан имамы наурыз айының жоспарлы зерделеу күнін Қылышбай ауылында жалғастырды. Әуелі мектеп оқушыларымен кездесіп, шәкірттерге "Уақыттың қадірі" жайында тәлім-тәрбиелі насихат айтып, ілім алуда озат болудың қажет екендігін жеткізді.
Кезекті кездесуін ауыл әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен өткізіп, дінде жоқ жат істерден аулақ болу жөнінде сөз қозғады. Халық имамға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алып тарқасты.
Іс-шара соңында имам "Рәтқұл ата" мешітінде жамағатқа жұма намазын өтеп, халыққа дұға жасады.
Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі