Тараз қаласы имамдары көктемнің алғашқы айының 15 күнінде жалпы 24 қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 149 кісіге 1 388 500 теңге қаражат жұмсады. Қайырымдылық ретінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, жетім балаларға ойыншықтар, қараушысынан айрылған жалғызбасты аналарға қаржылай және азық-түліктей, мүгедек жандарға мүгедектік арбасы берілді.
Іс-шараға Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы», «Шейх Зүннүн», «Әзіреті Әли», «Әл Фирдаус», «Мырхалық қажы», «Миразиз ата», «Иса Ахмет», «Ар Рахман Ар Рахим», «Нәметбай», «Асым ата», «Хамрақұл», «Айсұлу ана», «Давруш ата», «Әбдіқадір», «Молда Мухаммеджан» мешіті имамдары атсалысты. Қала имамдары осы сынды қайырымдылық шараларын жасауда аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі