#Тараз жастары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

#Тараз жастары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде жұма намазынан соң «Жастар ісі» секторының жауапты қызметкері Қайырғали Халметов мен аталған мешіттің «Әйел-қыздар» секторының бас маманы Жібек Қолағұлованың ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жұма намазынан рухани ләззәт алып шыққан жамағат жәрмеңкеге ат салысып, ізгі іс жолында үлкен ықыласы мен ниетін іспен көрсетті. Жұма намазы мен мешіт жәрмеңкесін сағынып, асыға күткен көпшілік жәрмеңкеде ұйымдастырылған ыстық пісірмелермен тамақтанып, сағыныса тарқасты.

Жәрмеңке ұйымдастыру арқылы түскен қаржыға алдағы уақытта қайырымдылық іс-шарасы жоспарланып отыр. Әлі де көптеген  ізгі істер жолында мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты аянбай тер төгетініне кәміл сенеміз.

Алла Тағала халқымызға берік иман мен кәміл сенім беріп, ешкімді тура жолдан тайдырмасын деп дұға етеміз. 

 "Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: