Жамбыл ауданына қарасты ауыл мешіттерінде облыстың найб имамдары жұма намазын өткізді. Қызылқайнар ауылы, «Бейсеу ата» мешітіне облыстың найб имамы Ғалымбек Жапек жұма намазын өткізіп, «Бейбітшілік пен келісім» бойынша уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.
Еңбек ауылы «Әл-қадыр» мешітінде облыстың найб имамы Ержан Аманбаев мешітке келген жамағатпен көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-Еңбек» мешітінде, Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің найб имамы Алтынбек Хусаинов жұма намазын оқып, мешіт жамағатымен кездесті, Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітіне Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді.
Ауыл имамдарына «Теріс ағымдардың алдын алу» тақырыбында кенінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Деструктивті діни ағым мүшелерімен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі