#Жамбыл ауданы: «Зерделеу» жұмысы жүргізілді

#Жамбыл ауданы: «Зерделеу» жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты ауыл мешіттері: "Айша-бибі" мешіті, "Бектөбе" мешіті, "Бесағаш" мешіті, "Түркісіб" мешіті, "Қаламаңы" мешіті, "Тұрғани" мешіті, "Бейсеу ата" мешіттеріне Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, Жамбыл ауданының бас  имамы Ғайырфулла  Қуанышбекұлы барып, мешіт жамағаттарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Мешітке келген жамағатқа қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан айы жайында кеңінен уағыз айтылды. Мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берілді.

Ауыл имамдарына киім үлгілері әдепке сай болуын, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, жамағатпен карантин талаптарын сақтай отырып намаз өткізуді қолға алу,  сонымен қатар,  наурыз айында мешітті көгалдандыру, тал егу, т.б. бірқатар тапсырмалары жүктелді.

 Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: