Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық мешітінде әйел-қыздар жамағатына мешіт ұстаздары Аружан Абибулла, Мадина Қалқаманованың ұйытқы болуымен "ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙ "атты рухани кеш болып өтті.
Дұғада "Уа, Жаратушы ием Ережеп пен Шағбан айларын бізге берекелі ете гөр, Рамазан айына бізді аман-есен жеткізгейсің" - деп айтылғандай, мақсатымыз әйел-қыздар жамағатына қасиетті үш айды сауаппен өткізуге себепші болу.
Рухани кеште діни мағұлматтарды тек ұстаздар ғана баяндамай, шәкірттер де уағыз айтып үйренсін деген ниетпен жамағатты үш топқа яғни Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары деп бөліп, шәкірттер қасиетті айлар туралы көптеген мәліметтер айтты. Сөзжұмбақ, суреттер сөйлейді, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.
Қатысушы барлық шәкірттерге сыйлықтар таратылып, жамағат дастархан басында бас қосты. Аллаға мақтаулар болсын жамағатта жас қыздар мен әйел кісілер көбейіп келеді. Баршамызды Алла Тағала Рамазан айына аман-есен жетуімізді нәсіп етсін. Әмин!
Жаңатас қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі