#Жамбыл ауданы: Ауыл имамдарына семинар өтті

#Жамбыл ауданы: Ауыл имамдарына семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінде  облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бақтияр Амириев, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиевтің қатысуымен ауыл имамдарына семинар жүргізілді.

 Жамбыл ауданында 30 мешіт бар. Сол мешіттердің имамдарына «Теріс ағымдардың алдын алу» тақырыбында өткізілген дәрісте  деструктивті діни ағым мүшелерімен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді.

Мешітке келген жамағатпен тығыз байланыста болу, имам мешітке жауапты басшы екендігі, мешіттің жұмыстары мен теріс ағымдардың алдын алу, мешітке келген жастармен тығыз жұмыс атқару керектігі айтылды. 

Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: