Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Дін істер басқармасының басшысы Омаров Жангелді, облыстық «Һибатулла» мешітінің найб имамы Аміриев Бақтияр, Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Баққараев Олжас, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарымен кездесті.
Шарада дін мамандары «Бейбітшілік пен келісім», «Мешітте неке қию», «Жат ағымдармен жұмыс атқару» жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізсе, дін істер басқармасы заң тұрғысынан түсіндірді. Ауыл имамдарының сауалдарына жауап берілді.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі