#Шу ауданы: Миғраж түні құрметіне қайырымдылық жасалды

#Шу ауданы: Миғраж түні құрметіне қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, Миғраж түнінің құрметіне байланысты 30 отбасына күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік үлестірілді.

Қайырымдылыққа демеуші болған кәсіпкер азаматтарымыз, бас имамның бастамасына ат салысып, күріш, ұн, қант, сұйық май, кәмпит, макарон, печенье және т.б заттармен жәрдемдесті.

Миғраж түні қарсаңында, жұмыспен қамту орталығынан келген жұмыскерлер, аудан имамның Миғраж оқиғасына қатысты өсиетін тыңдап, қап толы азық-түлікті табыстады. Сонымен қатар, әр отбасыға 1 тәтті бәліштен үлестірілді.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы демеуші кәсіпкер азаматтарымызға алғысын білдіріп, батасын жаудырды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: