#Қордай: Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

#Қордай: Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жат ағымдардың алдын алу, діни иммунитет қалыптастыру мақсатында Қарасу ауылдық мектебінде оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. 

Шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып қайтты. Теріс бағытты ұстанатындардың қателіктері, сенім тұрғысындағы айырмашылық, әрбір мұсылманның білуі тиіс мағұлматтары сөз болған жиында дін маманы жастардың көкейкесті сауалдарына жауаптар берді. 

Оқушыларға дәстүрлі дініміздің құндылықтары түсіндіріліп, діни материалдарды тексерілген сайттар мен басылымдардан алуды ескертілді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: