#Жамбыл ауданы: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бойынша іс-шаралар басталды

#Жамбыл ауданы: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бойынша іс-шаралар басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жамбыл аудандық өнер мектебінде  «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кеңес отырысына қатысты. 2020 жылдың 7-23 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен  «Бейбітшілік және келісім» жобасын іске асырудың іс-қимыл алгоритимі әзірленген болатын.

Жобаның басты мақсаты-ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, адамгершілік құндылықтарға үндеу, еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұлтаралық толеранттылық рөлін арттыру, қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап,  шешу жолдарын қарастыру.

2020 жылы аталған жоба өз жемісін беріп, ауданда барлығы 118 іс-шара ұйымдастырылды. Жобаға 3340 адам тартылып, 646 азаматқа әдістемелік және консультациялық көмектер көрсетілді. Көтерілген мәселелер бойынша арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылы да «Бейбітшілік және келісім» жобасы жалғасын табуда. Бұл бізге үлкен көмек деп айтуға болады. Ауданда көптеген мәселелерді кеңінен талқылауға, проблемаларды шешуге, құқықтық кеңестер алуға мүмкіндік береді.

 Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: